
КІРІСПЕ
Құрметті оқырмандар!
Түркістан облысы бірегей тарихи-мәдени мұраға ие және Оңтүстік Қазақстанның ірі аграрлық-өнеркәсіптік аймағы болып табылады. Аймақтың болашағы бүгіннен қаланып жатыр: білім беру, жұмыспен қамту, экономика және технология салаларында қабылданған шешімдер алдағы 10-15 жылда еңбек нарығының құрылымы мен келбетін қалыптастырады. Білім беру жүйесін және экономиканың негізгі салаларын дамыту ұзақ мерзімді болжамдарға негізделуі тиіс: өңірдің ертеңгі қажеттіліктерін бүгіннен түсіну — облыстың тұрақты дамуының негізін қалау үшін маңызды.
Сіздердің алдарыңызда жаһандық және жергілікті тенденцияларды: технологиялық ауысуларды, демографиялық өзгерістер мен тұрақты даму басымдықтарын және экономиканың нақты секторының сұраныстарын талдау негізінде әзірленген Түркістан облысының жаңа мамандықтар Атласы. Бұл — өңірдің жұмыспен қамту перспективаларын және еңбек нарығының болашақтағы трансформацияларын бейнелейтін алғашқы Атлас. Онда үш негізгі сала егжей- тегжейлі қарастырылады. Құрылыс саласы облыстың инфрақұрылымын қалыптастыратын қарқынды дамып келе жатқан сектор ретінде жолдар, тұрғын үй және қоғамдық нысандар, индустриалық парктер мен спорт кешендерін қамтиды. Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының негізгі бағыты болып, өңірдің құнарлы суармалы жерлерін пайдалана отырып, мақта, дәнді және бақша дақылдарын өсірумен қатар мал шаруашылығын дамытуды, заманауи агротехнологиялар мен кооперативтік тәжірибелерді енгізуді қамтиды. Туризм саласы келешегі зор бағыт ретінде Түркістанның киелі орындары мен тарихи ескерткіштерін қамтитын діни және мәдени туризмді табиғи көрікті жерлер бойынша экологиялық маршруттармен ұштастырады, бұл облысты қажылар мен саяхатшылар үшін тартымды орталыққа айналдырады.
Бұл құжатта Түркістан облысының ерекшеліктерін ескере отырып, келешегі бар кәсіптер, негізгі метақұзыреттер және олардың эволюциясының болжамды сценарийлері ұсынылған.
Атластың мақсаты — жедел өзгерістер жағдайында әрбір оқырманға бағыт-бағдар беру және өзінің даму стратегиясын саналы түрде құруға жәрдемдесу. Ол пайдаланушылардың кең ауқымына арналған:
· мектеп оқушылары мен студенттерге — болашақ мамандықтар бойынша навигатор ретінде;
· білім беру ұйымдарына — білім беру (оқу) бағдарламаларын бейімдеудің құралы ретінде;
· жұмыс берушілерге — кадрлық саясатты қалыптастырудың бағдары ретінде;
· мемлекеттік органдарға — ұзақ мерзімді болжау мен жоспарлаудың негізі ретінде.
Атласта көрсетілген мамандықтар болашақ жұмыс орындарын ғана емес, сонымен бірге уақыттың жаңа сын-қатерлерін де көрсетеді: цифрландыру, төмен көміртекті экономикаға көшу, жаңа буын қызметтерін құру және т.б.
Бұл құжатты әзірлеуге әртүрлі бағыттағы мамандар: аналитиктер, педагогтар, экономистер және бизнес өкілдері атсалысты. Атлас өзгерістер дәуірінде сенімді бағдар болады және аймақтың тұрақты және теңгерімді дамуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.
Бұл Атлас әрбір оқырман үшін мүмкіндіктер картасына, ал Түркістан облысы үшін — алға ілгерілеудің векторына айналсын.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім Министрлігінің Ғылым және жоғары білім комитеті қаржыландырады (грант №BR21882382).
Please wait while flipbook is loading. For more related info, FAQs and issues please refer to DearFlip WordPress Flipbook Plugin Help documentation.